Оқушының өлімінен кейін лагерьлер жұмысын тоқтата ма – министр жауап берді

0
1 192

Министр мектеп лагерінде істейтін әрбір мұғалім балалардың қауіпсіздігіне жауапты екенін айтты.


Оқушының өлімінен кейін лагерьлер жұмысын тоқтата ма – министр жауап берді

ERNUR.KZ. Мектеп лагерьлері қалыпты режимде жұмыс істейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Кеше біздің қызметкерлер оқиға орнында болды. Бақылауда ұстап отырмыз. Әйтсе де, қауіпсіздік пен жауапкершілікті күшейтуді тапсырдық. Сол жердегі куәгерлердің айтуынша, бәрі көзді ашып-жұмғанша болған", - деді министр үкімет кулуарында.

Шәмшидинова мектеп лагерінде істейтін әрбір мұғалім балалардың қауіпсіздігіне жауапты екенін айтты.

"Мектеп лагерьлері қалыпты режимде жұмыс істейді. Қатаңдатуға келсек, біз адамдарды жинап, оларға не істеу керектігін тағы бір мәрте түсіндірдік", - деді ол.

Ханшатырдағы трагедия. Кеше, 3 маусым күні елордадағы "Ханшатыр" сауда және ойын-сауық орталығында 9 жасар оқушы қыз бассейнге батып кетті. Белгілі болғандай, сол күні бассейнге мектеп жанындағы лагерьден 200 бала келген, олардың қасында 24 тәрбиеші мен тәлімгер болыпты.

Көз жұмған оқушы көпбалалы отбасыдан шыққан, 1-сыныпта оқыған екен. Сауда орталығында жұмыс істейтін медициналық қызметкер балаға алғашқы көмек көрсеткенімен, өміріне араша түсе алмапты. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қыздың көз жұмғанын жеткізді.

Енді басқарма елордағы барлық лагерьді тексергелі отыр.