Бүгінгі таңда Қор қаражаты есебінен жалпы құны 482,5 млрд теңгені құрайтын 465 жоба қаржыландырылуда.
ERNUR.KZ. Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты өңірлерде өткір тұрған инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге бағытталған. Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.
Бүгінгі таңда Қор қаражаты есебінен жалпы құны 482,5 млрд теңгені құрайтын 465 жоба қаржыландырылуда. Негізгі назар сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және медицинаның қолжетімді болуына аударылады. Атап айтқанда, 205 млрд теңгеге сумен жабдықтау бойынша 258 жоба жүзеге асырылуда және 151 млрд теңгеге 183 денсаулық сақтау нысаны салынуда. Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын құруға 66 млрд теңге бөлінді.
Бұл шаралар шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін әлеуметтік саланы жақсарта түсуге және ауылдың өмір сүру сапасын арттыруға арналған.
«Қор қаражатын жұмсауда өңірлерді дамытуға басымдық беріледі. Біз халық арасында сұранысқа ие бағыттарға назар аударамыз. Олар – су, денсаулық сақтау және әлеуметтік инфрақұрылымдар», – деп атап өтті қаржы министрі.


