ҚР Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша арнайы прокурор Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай тұрғынына қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне қабылдады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Процестің барлық қатысушыларының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылатын болады.
Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында.
Істің фигуранттары жасөспірім болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарының құпиялылығын сақтау қажеттігін ескертеміз.
Жеке өмір туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткен үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделерін ескере келе, қоғам назарына тиісті көлемде жеткізіледі.