ОҚО-да "Әдөн" лақапатымен белгілі қылмыстық топ мүшесін ұстады

0
1 697

Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысында Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты ұстады. Полиция мәліметі бойынша, ол "Әдөн" лақапатымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі.


ОҚО-да

Кеше, 10 сәуірде Қызылорда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысында Қызылорда қаласының тұрғыны Әділет Серікбаевты ұстады. Полиция мәліметі бойынша, ол "Әдөн" лақапатымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Сондай-ақ, Сәдубаев басқа да облыстарда болған қылмыстар бойынша есеп берді.

"Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде 9 сәуірде Сарыағаш қаласында кісі өлтірді деп күдікке ілінген адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады", - деді Алмас Сәдубаев. Мұнымен қатар, брифинг барысында елордалық полицейлер гүл сататын дүкендерге аз уақыт ішінде бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған жергілікті күдікті ұсталынып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Алматы қаласында да қарақшылық шабуыл жасаған Алматы облысының екі тұрғыны күдікке ілініп, Талдықорған қаласында ұсталған.