Орал зообағындағы аюлар қыс ұзақ әрі суық болатынын болжады

0
641

Әдетте, аюлар қысқы ұйқыға кеткенге дейін май қорын жинақтау үшін күздің басынан бастап белсенді түрде азықтана бастайды.


Орал зообағындағы аюлар қыс ұзақ әрі суық болатынын болжады

ERNUR.KZ. Зообақ қызметкерлері биыл аюлар өте ерте ұйықыға кеткенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Оралдағы зообақ қызметкерлері биыл аюлар өте ерте – қарашаның басында ұйықыға кеткенін айтты. Бұл аюлардың бақылауы бойынша қыс ұзақ әрі суық болады дегенді білдіреді екен.

Басылым бейнеоператоры Дарья есімді аю қысқы ұйқыдан тұрып, сергіп, қайта апанына ұйықтауға кірген сәтін түсіріп алған.

Облыстық жас натуралистер станциясының фауна бөлімінің меңгерушісі Шаттыгүл Радиковна Дарья 2002 жылдан бері (станция ашылғалы бері) зообақта тұратынын айтты. Ол 19 жаста. Біраз уақыттан кейін мұнда Устин атты аюды әкелген. 2006 жылы олардың Катя есімді қонжығы туған.

Әдетте, аюлар қысқы ұйқыға кеткенге дейін май қорын жинақтау үшін күздің басынан бастап белсенді түрде азықтана бастайды. Осы кезде станция қызметкерлері азыққа дәрумендерді қосып, ет, жарманың түр-түрін көбірек береді.

Шаттыгүл Радиковнаның айтуынша, жас натуралистер станциясында жануарлар мен құстардың 90 түрі – жергілікті және экзотикалық фаунаның 260 түрі мекендейді.