Оралда мектеп түлегі әлемнің 11 ЖОО-сының грантына ие болды

0
1 188

Алина Молдағалиеваға Гонконгтың 2 және Американың 9 жоғары оқу орнынан шақырту түскен.


Оралда мектеп түлегі әлемнің 11 ЖОО-сының грантына ие болды

ERNUR.KZ. Оқуымен озат шығып, дарынымен дараланған ондай жастар Орал қаласында да аз емес, деп жазады «Хабар 24».

Білімімен баршаны тәнті еткен оқушының бірі – Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Алина Молдағалиева. Аталған оқу орнында 7-сыныптан бері оқитын талапты шәкірт бұған дейін түрлі халықаралық байқаулар мен жобаларда бақ сынапты. Әсіресе мұхиттың арғы жағындағы Пенсильвания штатында өткен химия курсында көптеген білім дағдыларын игергенін айтады. Енді, міне, химиялық инженерия мамандығын таңдаған бойжеткен шетелдік 11 жоғары оқу орнының грантын жеңіп алыпты. «Мақсатым – қалаған мамандық иесі болып, Отаныма оралып, еліме қызмет ету», – дейді ол.

- Гонконгтың 2 және Американың 9 жоғары оқу орны шақырып тұр мені. Солардың арасынан Пенсильвания штатында орналасқан Дрексель университетін таңдадым. Өйткені ол жақта екінші курстан бастап жарты жылдап тәжірибеден өтеді. Сөйтіп бітірген кезде түрлі компанияларға өз резюмеңді ұялмай ұсынарлықтай мүмкіндік болады. Мақсатым – Қазақстанға оралып, ел үшін еңбек ету, - дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Алина Молдағалиева.