Оралда бұған дейін балалар алаңында екі қайғылы жағдай болды. Біреуінде баланың екі саусағының бөлігін кесіп кетті, екінші жағдайда үстіне футбол қақпасы құлаған жасөсіпірім қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Оралда ойын алаңында тағы бір баланың саусағы кесіліп кетті. Бұл жолы оқиға Қонаев шағын ауданындағы балалар алаңында болды, деп жазады sputnik.kz.
13 жастағы Диас Қайырғожиннің анасы журналистерге 1- үйдің ауласындағы балалар алаңында баласы ортанғы саусағын жарақаттап, шынашағының бөлігін кесіп алғанын айтты. Диас 25 шілде күні түскі уақытта туыстарына қонаққа барып, басқа балалармен бірге алаңға ойнауға шыққан. Бірақ он минуттан кейін жарақат алып, үйге жүгіріп келген. Жақындары жедел жәрдем шақырған, бірақ оны күтпей өз көліктерімен ауруханаға жеткізген.
"Жақын жердегі қалалық ауруханаға апардық. Ол жерде оның жарақатын таңып, бізді көпсалалы балалар ауруханасын жіберді. Балалар ауруханасында қажеттінің барлығын жасады. Жараны өңдеп, етке салбырап тұрған саусағын тігіп берді. Бұл бала үшін соққы. Біз басында ешқайда шақымданбадық. Бірақ қанша уақыт өтсе де, әткеншектер сол қалпы тұр. Оны ешкім орнынан алып тастамаған. Әр балаға оның қауіпті екенін түсіндіріп бітпейсің ғой", – дейді зардап шеккен баланың туыстары.
Дәрігерлер саусақтың бітіп кетуі үшін бар көмекті көрсетіп жатыр. Алайда ешқандай болжам жасай алмайды.
Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай 27 шілде күні балалар алаңында болды. Онда тура осындай жаттығу құралында 13 жастағы жасөспірім екі саусағының бөлігінен айырылды.
Бұған қоса, 11 жастағы Нұрәмір Есенәлиевтің үстіне футбол қақпасы құлады. Бала ауруханада қайтыс болды.
Орал әкімдігі қаладағы барлық балалар және спорт алаңдарын тексеруге кіріспек. Содан кейін анықталған барлық олқылықты жоюды жоспарлап отыр.