Оралда өзгелердің жеке мәліметін жария еткен ХҚКО қызметкері ұсталды

0
997

Биыл Қазақстанда осыған ұқсас 8 факт тіркелген.


Оралда өзгелердің жеке мәліметін жария еткен ХҚКО қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. Орал қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға беру фактісі анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Uralskweek.kz сайтының жазуынша, аталған дерек туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Нәдір Құрымбаев Nur Otan партиясының көшпелі отырысында айтқан. Ол мәліметтерді жария ету фактісі жасырын сауда әдісімен жүргізілген ішкі тексеру кезінде анықталғанын мәлімдеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесінің қызметкері клиент ретінде жасырын келіп, ХҚКО-дан өзге адамның жеке мәліметтерін оңай ала алған. Оған қызмет көрсеткен ХҚКО қызметкері қажетті тұлғаның барлық төлқұжат дерегін ашып берген. Ол маманға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды. Егер бұл факт қайталанса, қызметкермен еңбек шарты бұзылады», - деді Нәдір Құрымбаев.

Nur Otan партиясының партиялық бақылау инспекторы Афиза Семғалиеваның айтуынша, биыл Қазақстанда осыған ұқсас 8 факт тіркелген.