Оралда терминалды ұрлап кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

0
589

1983 жылғы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.


Оралда терминалды ұрлап кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Оралда терминалды ұрлап кеткен ер адам видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1983 жылғы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тексеру кезінде оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Терминалды қолды қылған күдікті оны 3 мың теңгеге сатып жіберіпті.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.