Ер адам полиция бөлімшесіне жеткізіліп, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: видеодан алынған кадр
ERNUR.KZ. Орал қаласында 46 жастағы азамат мас күйінде жанармай құю бекетіне екі тапаншамен кіргені үшін қолға түсті. Ол дүкеннен темекі сатып алғанымен, сатушыға тікелей қоқан-лоққы көрсетпеген, деп жазады inbusiness.kz.
Соған қарамастан, сатушы қауіпсіздік шарасы ретінде дабыл түймесін басып, полиция шақырған.
Оқиға орнына жедел жеткен құқық қорғау қызметкерлері күдіктіні ұстап, одан пневматикалық және старттық, оқсыз тапаншаларды тәркіледі.


