Қазақстандық делегацияны бастап барған министр Арман Шаққалиев Жапония үкіметіне, көрменің ұйымдастыру комитетіне жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс айтты.
фото: Пресс-служба Министерства торговли и интеграции РК
Қазақстандық делегацияны бастап барған министр Арман Шаққалиев Жапония үкіметіне, көрменің ұйымдастыру комитетіне жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс айтты.
"Бүгінгі шара қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылған. Мұның символдық мәні бар, өйткені біздің елдер географиялық тұрғыдан қашық орналасқанымен руханы жақын. Бізді салт-дәстүр мен аға буынға деген құрмет, білім мен еңбекке жоғары мән беру секілді қасиеттер біріктіреді", - деді Шаққалиев.
Оның айтуынша, 1991 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері біздің елдеріміз арасында сауда, инвестиция, ғылым, білім, экология және технология салаларында тұрақты әріптестік дамып келеді.
EXPO Hall Shining hat сахнасында өткен қазақстандық өнер шеберлерінің кешкі концерті ерекше әсерге бөледі.