Өскеменде экология департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

0
270

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Өскеменде экология департаменті басшысының орынбасары пара алғаны үшін 7 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Өскеменде экология департаменті басшысының Шығыс Қазақстан облысы бойынша орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп таныып 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Stan.kz.




Қылмыстық істі № 2 қалалық сот қарады.

“ШҚО экология департаменті азаматтардың өтініштері бойынша алтын өндіретін фабриканы экологиялық заңнама нормаларын сақтау тұрғысынан тексеруге шақырды.

Тексеру барысында кәсіпорынның құрылысын аяқтау мерзімдері бойынша жобалық шешімдерден ауытқу бөлігінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, бұл қызметке уақытша тыйым салуға әкеп соғады",-деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Алайда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Т. ЖШС-ні әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң акті үшін 2023 жылғы мамырда кәсіпорын директорынан 30 000 АҚШ доллары сомасында пара алған (12.05.2023 жылға арналған теңгеге доллар бағамы бойынша 13 326 600 теңгеге тең).

"Кінә заттай дәлелдемелермен – 6 970 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатпен, сыйақы үшін мәселені оң шешудің уағдаластығын растаған куәгерлердің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен, сараптамалардың қорытындыларымен расталды", - деп хабарлады сотта.


Прокурор Т. - дан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамады және одан ақтауды сұрады.

Сот жасалған қылмыстың ауырлығына сүйене отырып, шенеунікті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойы тыйым салынды. Бұл ретте сотта ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайтынын еске салды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.