Өскеменде ер адам бесінші қабаттан күшікті лақтырып жіберді

0
117

Көршілер күшікті ветеринарлық клиникаға жеткізген.


Өскеменде ер адам бесінші қабаттан күшікті лақтырып жіберді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Өскеменде ер адамның бесінші қабаттан иттің күшігін лақтырғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл фактіні растады, деп жазады baq.kz.

Көршілер күшікті ветеринарлық клиникаға жеткізген. Бірақ оны құтқару мүмкін болмай, күшік өліп қалған.

Жануарларға қатігездікпен қарау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында мысықты кір жуғыш машинада "жуындырған" иесі жауапқа тартылған болатын.