Өскеменде серозды менингит тіркелді

0
1 416

Көбінесе балалар ауырады екен


Өскеменде серозды менингит тіркелді

ERNUR.KZ. Өскеменде энтеровирусты сірлі (серозный) менингиттің үш жағдайы тіркелді. Елімізде аталмыш жұқпалы дертке қатысты жағдай тұрақсыз болып тұрғандықтан әрі менингиттің эпидемиялық өршу мерзімі келгендіктен мамандар жұқпалы дерттің белгілерін, оның алдын алу шараларын тағы бір еске салады, деп жазады altaynews.kz.

Өскемен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Михаил Дерябиннің түсіндіруінше, жұқпалы дерттің қоздырушысы – энтеровирус тобына жататын ішек вирустары, сыртқы ортада өзін өте қолайлы сезінумен ерекшеленеді. Суық температураны жақсы көтереді. Тоңазытқышта бірнеше апта бойы сақталуы мүмкін. Су құбырындағы суда 18 тәулікке дейін, өзенде бір айға жуық, азық-түліктерде, тұрмыстық заттарда бір айдан астам уақыт өмір сүреді. Ал мұздатылған жағдайда энтровирустардың белсенділігі бірнеше жылға дейін сақталады екен. +50ºС температурада ғана олар аурушаңдық белгілерін жоя бастайды, ал +70ºС-та толық жойылады.

Жұқпаны таратушылар – вирусты жұқтырғандар, сондай-ақ ешқандай симптомы білінбейтін түрімен ауырғандар. Көбінесе балалар ауырады.

Вирус лас сумен, қолдың кірімен, жуылмаған көкөніс-жемістермен, балалардың ойыншықтары арқылы таралуы мүмкін, егер ауыздарына салатын болса. Түшкіріп-жөтелгенде де ауа арқылы жұғады.

Дерттің жасырын мерзімі 2-10 күнге созылады. Алғашқы белгілері: дене қызуының көтерілуі, ауыс қуысының жарасы, аяқ пен қолдарға бөртпе шығу, ангина, бұлшық еттер мен іштің ауырсынуы, тұмау тию, жөтел.

Асқынып кеткен энреровирусты жұқпа өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен қатар мидың қабынуы да ықтимал.