Өскеменде зауытта өрт шықты

0
98

Зардап шеккендер жоқ.


Өскеменде зауытта өрт шықты

Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Өскемен қаласындағы конденсатор зауытында өрт шықты. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне Малдыбаев көшесіндегі конденсатор зауытының аумағында өрт шыққаны туралы хабар түскен, деп жазады inform.kz.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Сол кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталды.
— Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері дереу тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарына кірісті. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында қызыл жалын толықтай өшірілді. Өрттің жалпы аумағы 720 шаршы метрді құрады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.