Отандық үш ЖОО «зерттеу университеті» мәртебесіне ие болады

0
670

2023 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Michigan State University ашу жоспарланып отыр.


Отандық үш ЖОО «зерттеу университеті» мәртебесіне ие болады

ERNUR.KZ. Елімізде 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалы ашылуы тиіс. Әзірге олардың біреуі ғана ашылды. Десе биыл тағы 3 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ресей университеттерінің филиалдары ашылуда. С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында М. Губкин атындағы РМУ филиалы ашылады. Алматы қаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылады. Сондай-ақ, 2023 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Michigan State University ашу жоспарланып отыр», - деді ведомство басшысы.

Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін үш ЖОО-ны зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Олар: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді зерттеу университетіне трансформациялау бойынша даму бағдарламасы мен қаулы жобасы дайындалды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың зерттеу университетіне ауысуы бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді министр.