«Өте-өте ризамын»: әнші Жанар Дұғалова Астананың полициясына не үшін алғыс айтты (ВИДЕО)

0
164

​Ол қаланың Есіл аудандық полициясына сәлем жолдаған.


«Өте-өте ризамын»: әнші Жанар Дұғалова Астананың полициясына не үшін алғыс айтты (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Әнші Жанар Дұғалова Астанаға келген сапарларының бірінде жеке затын жоғалтып алып, полицияға арыз жазған. Оның арызын Есіл аудандық полиция бөлімі қараған екен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің әлеуметтік желісінде видео пайда болды. Видео жазған Жанар Дұғалова полицияның жұмысына риза екенін айтып, сәлем жолдаған.

«Астана қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтқым келіп тұр. Жоғалған затымды тауып беріп, керемет жұмыс атқарды. Жұмысына өте-өте ризамын. Шын жүректен мың да бір алғыс», - деген әнші полиция қызметкерлеріне ыстық ықыласын танытқан.