"Өтінеміз, көмектесіңіздер!": Алакөлде болған жағдайдың видеосы тарады

0
502

Алакөлге демалуға барған сегіз адам өмірмен қош айтыса жаздады.


ERNUR.KZ. Алакөлге демалуға барған сегіз адам қайықпен аударылды, деп жазады sputnik.kz.

Кешке, 13 тамыз күні жел көтеріліп, бұршақ жауа бастаған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан демалушылар мінген қайық аударылды.



Бұл жағдайды жергілікті тұрғындар дер кезінде көріп, сегіз адамды құтқарып алды. Екеуі бала екені хабарланып отыр. Әйелдердің біріне көмек қажет болды. Медицина қызметкерлері тыныс алу жолдарынан суды шығарып, ауруханаға жеткізді.

Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертіп отыр. Ауа райы қолайсыз болса, жағаға оралған жөн.