Өткен жыл үшін төленетін көлік салығы өспейді - Мемлекеттік кірістер комитеті

0
2 160

Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылуына байланысты азаматтар арасында салық көлемі өседі деген түсініспеушілік туған.


Өткен жыл үшін төленетін көлік салығы өспейді - Мемлекеттік кірістер комитеті

Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылғандықтан 2020 жыл үшін көлік салығы өспейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылуына байланысты азаматтар арасында салық көлемі өседі деген түсініспеушілік туған.

«Салық төлеуші 2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек. Тиісінше, көлік салығының сомасын есептеу кезінде 2020 жылғы 1 қаңтардағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ескеріледі.
Еске сала кетейік, аталған мерзімде АЕК 2 651 теңге. Яғни, салық осы көрсеткішпен есептеледі. 2021 жылға арналған көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарындағы АЕК қолданылады. Демек, 2020 жыл үшін көлік салығы өспейді
», делінген хабарламада.