Отшашудың кесірінен мейрамхана өртеніп кетті

0
1 523

Өрттің алдын ала себебі – пиротехниканы қолдану ережесін сақтамау.


Отшашудың кесірінен мейрамхана өртеніп кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Бейнеу елді мекенінде үйлену тойы кезінде өрт шықты, деп жазады sputniknews.kz.

"Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Бейнеу елді мекенінде мейрамхананың шатыры өртенді. Қоңырау 00.20-да түсті, өртті сөндіруге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Жалын 680 шаршы метрге шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тойға келгендер өртеніп жатқан мейрамханадан өздері шықты", — деп хабарлады ТЖ комитеті.

Өрттің алдын ала себебі – пиротехниканы қолдану ережесін сақтамау.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланды.

Өртті сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 3 арнайы өрт техникасы, сондай-ақ Төтенше жағдайлар комитетінің Маңғыстау облысындағы филиалына қарасты "Өрт сөндіруші" АҚ қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.