Өз баласын саудаға салған қазақстандық әйел Ресейде түрме жазасына кесілді

0
739

Әйел жергілікті фирмамен келісім бойынша суррогат ана қызметін атқарған.


Өз баласын саудаға салған қазақстандық әйел Ресейде түрме жазасына кесілді

ERNUR.KZ. Красноярск соты жаңа туған нәрестені сатқаны үшін кінәлі деп танылған шетелдік әйелге үкім шығарды. "Росбалт" басылымының мәліметінше, 29 жастағы сотталушы – Қазақстан азаматы, деп жазады Stan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, әйел жергілікті фирмамен келісім бойынша суррогат ана қызметін атқарған. Қазақстандық әйел Красноярск перзентханасында босанып, содан кейін компания басшылығына "мүддесін білдіру үшін", оның ішінде балаға билік ету құқығына сенімхатты нотариалды куәландырған.

Әйел компания өкілдеріне қажетті құжаттарды тапсырып, өзі Ресейден кетіп қалған. Оның қызметі үшін оған 13 мың доллар төлейді. Компания тапсырыс берушіге тапсыру үшін баланы ауруханадан алып кеткен.

Краснодар өлкесінде орналасқан аталған ұйым 2020 жылы әшкере болған. Оны бұрынғы полицей мен оның әйелі басқарған. Айыптаушы тараптың айтуынша, фирма іздестірген суррогат аналар шетел азаматтары үшін бала тауып берген.

Сот үкімімен әйел үш жыл түзеу колониясында жазасын өтейді.