Студенттер ағылшын тілінде білім алады.
ERNUR.KZ. Өзбекстандағы "Жібек жолы" халықаралық туризм және мәдени мұра университеті қазақстандықтарға гранттар бөлді, деп жазады sputnik.kz.
"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының дерегіне сәйкес, магистратура бағдарламасы төрт білім беру гранты бөлінді. Мына мамандықтар бойынша беріліп отыр:
туризмдегі логистика;
туризм (қызмет салалары бойынша);
музейтану;
мәдени мұраны басқару;
шығармашылық индустрия;
археология.
Грант келесі шығындарды қамтиды: тегін оқу; 500 доллар көлеміндегі ай сайынғы стипендия ; жатақхананың ай сайынғы төлеміне 100 доллар; Өзбекстанға келу үшін жыл сайынғы эконом-класс авиабилеттері; Өзбекстанның ежелгі тарихи қалаларына сапарлар (жылына 100 доллар/ 2 сапарға тең сома).
Студенттер ағылшын тілінде білім алады.