​Өзбекстанда тағы бір газ құю бекетінде жарылыс болды

0
98

5 тамыз күні Қашқадария облысының Көкдала ауданындағы газ құю бекетінде өрт пен жарылыс болды.


​Өзбекстанда тағы бір газ құю бекетінде жарылыс болды

Фото: видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Бұл — соңғы 20 күндегі екінші жағдай. Өрт салдарынан автоцистерна жүргізушісі күйіп қалды, деп жазады inform.kz.

5 тамыз күні Қашқадария облысының Көкдала ауданындағы газ құю бекетінде өрт пен жарылыс болды.

ТЖМ мәліметінше, автокөліктерге газ құю бекеті «Алтындала» ықшам ауданында орналасқан.
Оның аумағында сұйытылған пропан газын тасымалдайтын жүк көлігінен пропан сақтайтын цистернаға жанармай құю кезінде өрт шыққан.
Оқиға орнына сағат 22:22-де 5 өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бригадасы жетіп, өрт 22:30-да ауыздықталып, 22:50-де сөндірілді.
Өрт салдарынан 1 автоцистерна мен 10 текше метр пропан сұйытылған газ сақтайтын цистерна жанып кеткен. Автоцистерна жүргізушісі жеңіл күйік алды.
Оқиға орнына облыстық ТЖБ мен аудандық ТЖБ басшылары барды.
Еске сала кетейік, 16 шілдеде Көкдала ауданында газ құю бекетіндегі жанармай сақтайтын цистернада жарылыс болды. Апат салдарынан 4 азамат қаза тапқан еді.
Сондай-ақ Қарақалпақстандағы «Мойнақ» кен орнын бұрғылау кезінде газ атқылағаны жайлы жазған едік.