Бұған көрші республикада тұратын жергілікті блогерлер, белсенділер мен қазақтар бастамашы болды.
ERNUR.KZ. Өзбекстан тұрғындары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына гуманитарлық көмек жинап жатыр, деп жазады stan.kz.
Бұған көрші республикада тұратын жергілікті блогерлер, белсенділер мен қазақтар бастамашы болды. Жоғарғы Чирчик ауылының тұрғындары жүздеген литр өсімдік майы мен төсек-орын жабдықтарын жіберген.
Сондай-ақ, үрлемелі қайықтар, резеңке етіктер және жеке күтім заттары гуманитарлық көмек жинайтын орынға жеткізілді.
Айта кетейік, гуманитарлық жүк көлігі жұма күні Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылға жөнелтіледі. Сондай-ақ, белсенділер 60 миллион сомға жуық қаражат жинады, бұл - 2 млн 100 мың теңгеден асады.