Өзбекстанмен шекарада адамдар жиналып қалды – шекара қызметі себебін айтты

0
143


Өзбекстанмен шекарада адамдар жиналып қалды – шекара қызметі себебін айтты

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі Өзбекстанмен шекарада адамдардың не себепті жиналып қалғанын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Қапланбек" бекетінде адам өткізу жұмысы баяулады.
"Бұл көршілес аумақтағы "Новои" өткізу бекетінің тіркеу жүйесіндегі іркілістерге байланысты. Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеу енгізілген жоқ", - делінген ресми хабарламада.
Екі елдің шекарашылары өзара іс-қимыл шараларын өткізді. Өзбек тарапының мәліметінше, ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр.
"Сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз", - дейді шекарашылар.