Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарих туралы жазылған.
ERNUR.KZ. Өзбекстандағы Наманган облысынан ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өз қолымен жазған кітаптары табылды, деп жазады stan.kz.
Наманган облысының әкімдігі қазба жұмыстары кезінде сирек кітаптардан бөлек XI және XIV ғасырларға тән қылыш пен бактриялық, қытайлық монеталар табылғанын мәлімдеді.
Осымен Ахсикент археологиялық саябағының аумағындағы "Жаңа Ахси" кешеніндегі баға жетпес жәдігерлер саны онға дейін жеткен.
“Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарих туралы жазылған. Олардың бірі Әбу Насыр әл-Фарабиге тиесілі”, – делінген хабарламада.