​Өзін тоқтатқан тәртіп сақшысына ән айтып берген жігіт жұлдыз болды (видео)

0
2 267

ERNUR.KZ. Елімізде көше бойында көлік жүргізушісі мен тәртіп сақшысының арасында болған оқиға желіде тарап кетті. Оны жүргізушінің қасында отырған жолаушы түсіріп алған. Видео полицейдің көлік тізгіндеген жігітті тоқтатқан сәтінен басталған. Темір тұлпар мінген жас жігіт алдымен өзін тоқтатқан тәртіп сақшысымен сәлемдеседі де, «Бір секунд, бола ма?» деп телефонын шұқылай бастайды. Содан әуен қосып, дауысын жоғарылатады.

«Ассаламағаулейкум командир, мен ережені бұздым ба? Егер жай тексеру болса, мен заңға бағынамын» деп жас жігіт полицейге арнап рэп оқи бастайды. Өз сөзінде азамат қара түсті БМВ көлігін тізгіндегенін байқатады. Мұнан соң «Қара БМВ мінгенім, бұзық екенімді білдірмейді» деп әнін жалғастырады. Сонымен қатар көлік жүргізуші рэп барысында «Сіздердің тәбеттеріңізді білемін, бірақ әмиянымды үйде қалдырып кеттім» деген сөздермен тәртіп сақшысын әзілдей түседі.

Рэп оқып болған соң жігіт көлігіндегі әуенді бәсеңдеді де, ал сол сәтте тәртіп сақшысы болса, «жақсы айтады екенсіз, бірақ неге тоқтатқанымды білгіңіз келеді екен?..» деп жігітпен диалогты жалғастыра түседі.

Бұл видеоны көрген желідегілер «Жарады», «Міне, нағыз еркек!», «Тәртіп сақшыларымен болған мұндай әрекетті видеоға түсірудің қажеті қанша?», «Қуады екен мынау», «Мұнда елдің пікірі екіге бөлініп отыр екен. Бірі жүргізушіні ақымаққа теңесе, бірі қолдап отыр. Негізі полицейдің алдында тұрып осылай өнер көрсетуге де батылдық керек қой», «Жақсы оқып шықты» деген қолданушылардың арасында әзілге толы пікір қалдырғандары табылды.

«Қызық иә, ана полицейдің рэп айтып болғанша күтіп тұрғанын айтамын», «Ана жігіт аураханаға түссе немесе өрт сөндіру қызметіндегілерге кезіксе, не болатынын жобалап тұрмын», «Бұдан кейін командирдің өзі оған рэп оқып берген шығар» деген пікір қалдырды желідегілер.

Видеоны көрген желі қолданушыларын оқиға соңы қызықтырып қойды. «Не үшін тоқтатқанын видеоға түсірмеген екен. Білгіміз келіп отыр енді» деп жазды желідегілердің бірі. Дегенмен оқиғаның соңы немен аяқталғаны бізге де беймәлім күйінде қалды. Өйткені бір минуттық видео үзіндіде тәртіп сақшысы мен көлік жүргізуші диалогының жалғасы түспеген.

Видео: желіден алынды