Өзінің "жыныссыз" екенін жария еткен қазақ жігіті жұртты шошытты (фото)

0
6 072

"Мен андрогинмін" , - деп жазған отандық блогер.


Өзінің

ERNUR.KZ. Желіде қыз сияқты боянып, тым ашық образдары арқылы танылған қазақ жігіті жұртты тағы бір мәрте таңғалдырды. Әли Батов өзін жыныссыз адам деп жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Атышулы жігіт қызға да, ұлға да тән қасиеттерді ұштастыра алатын "андрогин" екенін жеткізген, деп жазады NUR.KZ.

Бұл мәлімдемесін өзінің Instagram парақшасында хабарлаған Әли Батов көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

"Қызсың ба? Ұлсың ба? Кімсің? деген сұрақтарқа жауап: Андрогинмін" , - деп жазған отандық блогер.

Оның бұл мәлімдемесі желі оқырмандары арасында шу тудырды.


Пікір білдірушілердің басым көпшілігі жігітті аяусыз сынап жатқанымен, Әлидің ұстанымын жақтайтындар да бар болып шықты.

"Мына жігіт әбден адасыпты ғой", "Өзін жоғалтып алған сияқтысың, ұят" , "Енді кімге тұрмысқа шығамыз қыздар? Еркектер қызға айналып жатса", "Өз жынысыңды ұятқа қалдырып жатырсың. Сөз жоқ" , "Қалай ұялмайсың? Туыстарыңды ойламайсың ба? Оларға ауыр шығар сенің бұл қылығың", "Сен ерекшесің, оларды тыңдама. Қалағаныңды жаса, біз жаңа заманда өмір сүрудеміз" , - деп жазған желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін "Евровидение"-ге Франция атынан жыныссыз әнші қатысатынын мәлімдеген болатынбыз. Ол да өзінің андрогин екенін мойындаған.