Парламентке өткен партиялар мемлекеттен қанша қаржы алады?

0
621

Бұл соманың 7 миллиардтан астамы – Аманат партиясының еншісінде.


Парламентке өткен партиялар мемлекеттен қанша қаржы алады?

ERNUR.KZ. Парламентке өткен 6 партия үшін бюджеттен 12 жарым миллиард теңге бөлінеді, деп жазады inbusiness.kz.

Саяси партияларды қаржыландыру ережесіне сәйкес, Парламентке өткен партиялар өздеріне берілген әрбір дауыс үшін сайлау өткен жылдағы ең төменгі жалақының 3 пайызы мөлшерінде қаржы алады. Осы есеппен алсақ, 3 жарым миллиондай адам дауыс берген Аманат партиясына жыл сайын 7 миллиард 206 миллион теңге бөлінбек.

693 мың адам сенім артқан Ауылдықтар 1 жарым миллиардтай алып отырса, тіркеле сала төрге шыққан Республика партиясына 1 миллиард 149 миллион теңге беріледі. Ақжолға 1 миллиард 123 миллион теңге, Қазақстан халық партиясына 909 миллион теңге шығындалуы тиіс. Ең аз дауыс жинаған социал-демократтардың өзіне 700 миллиондай қаржы бөлінеді екен. Бұл қаражатты партияның дамуы үшін жұмсауы қажет. Айта кетерлігі, игерілмеген қаржы қазынаға қайтарылмайды.