Көктөбе ауылы маңында екі көлік соқтығысты.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Павлодар қаласынан 37 шақырым жердегі Көктөбе ауылы маңында ауыр жол апаты болды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, трассада екі жеңіл көлік соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапқан. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу басталды.
Облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу аясында анықталатын болады.
«Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар жылдамдық режимін қатаң сақтап, көлік құралдарының техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеріп отыруы қажет», – делінген полиция мәлімдемесінде.
Қазақстанда жол-көлік оқиғалары – ең өзекті қоғамдық мәселелердің бірі. 2024 жылы республика бойынша 12 мыңнан аса жол апаты тіркеліп, 2 мыңнан астам адам қаза тапқан.