Павлодар мұнай-химия зауытында өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті

0
329

Оқиға технологиялық процеске әсер еткен жоқ, дейді өңірдің төтенше жағдайлар департаменті.


Павлодар мұнай-химия зауытында өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті

фото: Sergek Group

ERNUR.KZ. Павлодар мұнай-химия зауытында екі жұмысшы зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 27 наурызда болған. Павлодар қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық жеке құрамы барған. Қосымша өрт сөндіру техникасы іске қосылған.
"Өрт 50 шаршы метр алаңда болған, бір сағатта сөндірілді. Оқиға технологиялық процеске әсер еткен жоқ. Күйік шалған 1989 және 1982 жылы туған екі қызметкер ауруханаға жеткізілді", - дейді департамент.
Департаменттің мәліметінше, оларға медициналық көмек көрсетілді. Аруханаға жатқан жоқ.