Павлодар облысы тұрғынынан құны 2 миллиард болатын киік мүйізі тәркіленді

0
957

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркілеген.


Павлодар облысы тұрғынынан құны 2 миллиард болатын киік мүйізі тәркіленді

ERNUR.KZ. Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 миллиард теңге болатын киік мүйіздері табылды, деп жазады tengrinews.kz.

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркілеген.

Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленген.

"Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 миллиард теңге болады", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.