Павлодар облысында 56 жолаушы мінген автобус аударылып кетті

0
71

Оқиға Шідерті – Астана тас жолында болды.


Павлодар облысында 56 жолаушы мінген автобус аударылып кетті

© Photo : Sergek Group

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жолаушылар автобусы аударылып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Шідерті – Астана тас жолында болған.

Полицияның мәліметінше, автобус жол жиегіне шығып кетіп, аударылған.
Автобуста 56 жолаушы болған.
"Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы алтауы түрлі жарақат алды", - дейді полиция.
Зардап шеккендердің бір бөлігі ауруханаға жеткізілді.