​Павлодар облысында 6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

0
130

2019 жылы туған бала жарақат бөліміне жатқызылған.


​Павлодар облысында 6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті

Фото: Павлодар облысы полиция департаменті

ERNUR.KZ. Футбол алаңында жарақат алған баланы жабық бас-ми жарақатымен Павлодар облыстық балалар ауруханасына жатқызды, деп жазады inform.kz.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, шақыру 31 шілде күні сағат 15:08-де түскен. Жетекшілердің айтуынша, Павлодар ауданына қарасты Жертұмсық ауылында балаға футбол қақпасы құлап кеткен.

— Бала жабық бас-ми жарақатын және ми шайқалу диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, — деп хабарлады медициналық ұйымның баспасөз қызметі.
Аурухана мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы туған бала жарақат бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық, қажетті емдеу және диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр.
Осы уақытта Павлодар облыстық полиция департаменті алаң мен қақпаның ешбір ресми баланста тіркелмегенін мәлімдеді. Олар ауыл тұрғындарының өздері орнатқан құрылғылар екен.
— Аудан әкімінің атына балалардың ойын қауіпсіздігіне сай стандарттарға сәйкес футбол алаңын ұйымдастыру және осы жағдайға жол берген себептерді жою бойынша нұсқама жолданды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.