Павлодар облысында аударылған автобус жолаушыларының жағдайы белгілі болды

0
521

Барлығы 11 адам зардап шеккен. Жедел жәрдем келгенге дейін 2016 және 2008 жылы туған екі ұл бала қайтыс болды.


Павлодар облысында аударылған автобус жолаушыларының жағдайы белгілі болды

Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ересектер № 1 қалалық ауруханаға, балалар облыстық балалар ауруханасына көптеген сынықтар мен жарақаттармен жеткізілген.

"Барлығы 11 адам зардап шеккен. Жедел жәрдем келгенге дейін 2016 және 2008 жылы туған екі ұл бала қайтыс болды. Төрт бала сағат 02:50-де облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді, кезекші травматолог, лор дәрігері қарап шықты. Ауруханаға жатқызу кезінде жағдайлары орташа ауыр болды", - дейді басқармада.

№ 1 қалалық ауруханаға жеткізілген бес адамның ішінде екі ер азамат көптеген сынықтармен полижарақаттар бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек жарақаты мен бас миының шайқалуы тіркелді. Бірнеше жарақат алып, бас миы шайқалған екі әйел адам ауруханаға жатудан бас тартты.


Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйек күні Қалқаман кентінен Павлодарға баратын тас жолда шағын автобус аударылып қалған. Зардап шеккен адамдардың барлығы – Өскемен қаласының тұрғындары. Олар Астана қаласына жолға шыққан.

Оқиға орнында үш жедел жәрдем мен апаттық медицина орталығының бригадалары жұмыс істеді. Полиция жол апатына қатысты тексеріс жүргізуде.