Павлодар облысында балабақшада балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды

0
823

Сондай-ақ тексеру нәтижелері мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады.


Павлодар облысында балабақшада балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру басталды

Полиция Павлодар облысының балабақшаларының бірінде балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қазан күні Ақсу қаласының полициясына кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінен балаларға дене жарақатын келтірген №12 балабақшаның тәрбиешісіне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық өтініш келіп түсті.

«Осы өтініш бойынша полиция тексеруді бастады. Бейнежазбалар алынды. Қарау кезінде балабақша қызметкері кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны анықталды. Аталмыш факті бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 44 жастағы тәрбиешіге қатысты ҚР ҚК-нің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тексеру нәтижелері мектепке дейінгі мекеменің басшысына қатысты тәртіптік шара қабылдау үшін облыстық білім басқармасына жіберілетін болады.