Павлодар облысында екі жігіт пен бала суға кетті

0
513

​Өткен демалыс күндері өңірдің су қоймаларында алты жасар бала, 17 және 22 жастағы жігіттер суға батып кетті.


Павлодар облысында екі жігіт пен бала суға кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында өткен демалыста үш адам суға батып кетті, екеуінің денесі әлі табылған жоқ, деп жазады sputnik.kz.

Бірінші жағдай 24 шілде Ертіс өзенінде, Сычевка ауылына жақын маңда болды. Он жеті жастағы бозбала қайықпен аударылған, деп хабарлайды облыстың ТЖ департаменті.

Құтқарушылар жүзу құралын тапты, ал жігіттің мәйіті әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары қаншаға созылатыны әзірге белгісіз.

"Тағы бір жазатайым оқиға 25 шілде сағат 13:00-те Екібастұздан 20 шақырым жерде, Сәтпаев атындағы каналда болды. Куәгер судан 2015 жылғы ұлдың денесін шығарды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала тыйым салынған жерде шомылып жүріп суға кеткен", - деп мәлімдеді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Шамамен екі жарым сағаттан соң, Павлодардан үш шақырым жерде осыған ұқсас жағдай болды.

"1999 жылғы жігіт батып кетті. Ол да рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Жедел құтқару жасағы оны іздеп жатыр", - деп нақтылады ТЖД.

Ведомство ескертуге қарамастан өңір тұрғындары суда қауіпсіздік ережелерін сақтамайтынын атап өтті.