Павлодар облысында электр станциясында жас жігіт белгісіз жағдайда қаза тапты

0
394

Кәсіпорнының аумағында жан тәсілім еткен ер адам 26 жаста.


Павлодар облысында электр станциясында жас жігіт белгісіз жағдайда қаза тапты

Қазіргі таңда өлімнің нақты себептері анықталып, жағдайы тергелуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"ЕЭК" АҚ Ақсу электрстанциясының мәліметінше, қайғылы оқиға 22 қыркүйекте болған. Кәсіпорнының аумағында жан тәсілім еткен 26 жастағы ер адам.

"Мердігер ұйымның қызметкерімен "ЕЭК" АҚ Ақсу электр станциясының аумағында қайғылы оқиға орын алды. Компания марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", — делінген хабарламада.

Облыстық еңбек басқармасы берген алдын ала мәліметтер бойынша жас жігіт уланып қалған.


Оның қайтыс болу себептері анықталуда.