Павлодар облысында ер адам 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

0
674


Павлодар облысында ер адам 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Павлодар облысында ер адам өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды. 14 жастағы оқушы зорлық-зомбылық туралы мектеп психологына айтып берген, деп жазады Stan.kz.




Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

"Зорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауға алынды", – делінген хабарламада.