Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды

0
446

Құтқарушылар оған су құбыры құдығындағы пайда болған кішкене ойық арқылы оттегі жіберген.


Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды

Фото: Төтенше жағдай министрлігі

ERNUR.KZ. Павлодар облысында ер адамды топырақ үйіндісі басып қалды, деп жазады sputnik.kz.
Жазатайым оқиға Ақсу қаласында жер жұмыстарын жүргізу кезінде болған.

Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Анықталғандай, Промышленная көшесінде орналасқан серіктестіктің бірінің аумағында жер қазу жұмыстары кезінде топырақ құлаған, нәтижесінде 1998 жылы туған ер адам үйінді астында қалып қойған.

"Құтқарушылар су құбыры құдығындағы пайда болған кішкене ойық арқылы зардап шегушіге арнайы жабдықтың көмегімен оттегін жедел берді. Сонымен қатар, оны жер астынан босату бойынша құтқару жұмыстары жүргізілді", - дейді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Сәтті аяқталған құтқару операциясынан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.