Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

0
234

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді.


Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

8 мамырда сағат 23.25-те Павлодар облысы ТЖД-ға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түскен.

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейі көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр, - деп хабарлады өңірдің ТЖД.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.