Павлодар облысында көкжөтел бойынша жағдай күрделі

0
441

Облыста 30 адам көкжөтел жұқтырған.


Павлодар облысында көкжөтел бойынша жағдай күрделі

ERNUR.KZ. Былтыр бұл жұқпалы ауру бойынша сырқаттанушылық тіркелмеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті.

«Биыл облыста көкжөтел жұқтырудың 30 дерегі тіркелді. Ауру жұқтырғандар ішінен 28-і екпе алмаған болып шықты. 2022 жылы бірде-бір науқас болмаған. Аурудың күрт көбейіп кетуі екпеден бас тартумен байланысты болып отыр. Баланы көкжөтелден тек екпе арқылы қорғауға болады», – деді Батырбек Әлиев

Көкжөтелге қарсы ресейлік жасушасыз вакцинасы пайдаланылады. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес екі айлық жастан бастап барлық балаларға көкжөтелге қарсы егіледі. Ревакцинациялау алты жаста жүргізіледі.