Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жүзу құралын пайдаланып, 1959 жылы туған ер адамды судан алып шыққан.
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 4 шілдеде Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп жазады Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 қызметіне Жасыбай көлінде суға батып бара жатқан адамға көмек қажет екені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жүзу құралын пайдаланып, 1959 жылы туған ер адамды судан алып шыққан.
Жағада оған дереу реанимациялық көмек көрсетіліп, кейін зардап шегуші жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Құтқарушылар демалушыларға өз мүмкіндігін асыра бағаламауға және тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға кеңес берді.


