Павлодар облысында өрттен екі жасар сәби көз жұмды

0
431

Балалардың анасы аулада болған.


Павлодар облысында өрттен екі жасар сәби көз жұмды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында жер үйде болған өрттен екі жасар сәби көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Департаменттің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 10.29-да Тереңкөл ауданының Береговое ауылында жер үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Өрттен 2019 жылғы бала зардап шекті, ол бірінші-екінші дәрежелі термиялық күйік алды. Баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтуде", – деп атап өтті департаменттегілер.
Оқиға орнында екі техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмыс істеді. Өрттің 80 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды.
Тілсіз жау сағат 11.45-те оқшауланып, сағат 12.15-те толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.