Павлодар облысында өрттен тағы бір бала көз жұмды

0
525

Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 1983 жылғы әйел адам қалалық ауруханаға және үй иесі 1962 жылғы әйел адам облыстық ауруханаға жатқызылды.


Павлодар облысында өрттен тағы бір бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Павлодар қаласында орын алды, деп жазады pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 желтоқсанда сағат 01:03-те Алтай көшесі, 9/2 мекенжайында 4 пәтерлі шпал үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"5 бөлмелі пәтер толығымен жанып, төбесі құлаған. 2 бөлмелі пәтердің қабырғасы жанды және шатырдың ағаш құрылымдары жартылай қираған. Өрт сөндіру барысында 5 бөлмелі пәтерден 2016 жылы туған ұл баланың денесі табылды", - деді департаментте.
Сондай-ақ өрттен зардап шеккен 1983 жылғы әйел адам қалалық ауруханаға және үй иесі 1962 жылғы әйел адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Ал, 1985 жылғы ер адам дәрігерлердің тексеруінен өтті.


Өрт сағат 03:01-де толығымен жойылды. Себебі, залалы анықталуда. Өртті жоюға 40 өрт сөндіруші мен 9 өрт техникасы, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Өрт 150 шаршы метр аумақты қамтыды.

Еске салайық, бұған дейін Тереңкөл ауданында өрттен атасы мен немересі көз жұмған болатын.