Павлодар облысында орындалмаған жұмысты қабылдаған екі ауыл әкімі жазаланды

0
397

Ауыл әкімдері бюджет ақшасын мердігердің шартты шотына аударып та үлгерген.


Павлодар облысында орындалмаған жұмысты қабылдаған екі ауыл әкімі жазаланды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында орындалмаған жұмысты қабылдаған екі әкім жазаланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тереңкөл-Бобровка ауылдық округінің әкімі Руслан Омаров пен Береговой ауылдық округінің әкімі Ренат Құланбаев мердігерлер аяқтап үлгермеген жол жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып жіберген.

Ауыл ішіндегі жолдарға жасалуы тиіс орташа жөндеу жұмыстары қағаз жүзінде көрсетілгенімен, нақтысында ол мүлде жасалмаған.

Ауыл әкімдері бюджет ақшасын мердігердің шартты шотына аударып та үлгерген.

Сондай-ақ Павлодарда Әдеп жөніндегі кеңесте Шарбақты аудандық әкімдігі Экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Равиль Ғұмаровтың ісі де қаралды.

Есілбай ауылындағы клуб құрылысына өткен жылы 130 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер жұмысты уақытында әрі тиісті түрде атқармағанына қарамастан, оның ақысы төленіп қойған.

Кеңес мүшелері барлық үш мемлекеттік қызметшіге қатысты өз қызметіне толықтай сай болмауы бойынша ескерту жасауды ұсынды.