Павлодар облысында тамақтан ұшынған бала саны 23-ке жетті

0
955

Олар 2-ден 7-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары.


Павлодар облысында тамақтан ұшынған бала саны 23-ке жетті

ERNUR.KZ. Павлодар облысында мектеп оқушылары тамақтан уланып, ауруханаға түсті. Бұл облыс орталығына жақын жатқан ауыл. Қазанның 10-ы күні №40 жалпы орта мектебінің асханасынан түскі тамақ ішкен балалардың 7-де улану белгілері байқалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал арада екі күн өткенде уланғандардың саны 23-ке жетті. Олар 2-ден 7-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары. Бүгінде 13 оқушы ауруханаға жатқызылса, қалғандары үйлерінде ем алып жатқан көрінеді. 13 баладан улану белгілері, 8 баладан ішек инфекциясы табылған. Қазір мектеп асханасы өз жұмысын тоқтатты. Оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде. Кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, қолға алынды. Азық-түлік су, және шайындылардан зертханалық сынамалар алынған. Оның нәтижесі алдағы уақыттарда белгілі болады.

- Ауыр жағдайлар тіркелген жоқ. Зардап шеккендердің қазір денсаулықтары орташа дәрежеде. Шұғыл ақпарат түскен сәттен бастап біздің қызмет кешенді эпидемияға қарсы шаралар барлық зертханалық зерттеулермен бірге қолға алды. Алғашқы нәтижелері дүйсенбі, сейсенбі күндері дайын болады деп отырмыз. Қорытынды мәліметтер де сол эпидемиялық шаралар аяқталғаннан кейін және зертханалық тексеру жұмыстарының қорытындысына сай анықталады, - дейді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ирина Сорокина.