​Павлодар облысында жоғалған аңшының бірінің мәйіті табылды

0
117

10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған.


​Павлодар облысында жоғалған аңшының бірінің мәйіті табылды

Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita/

ERNUR.KZ. Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр, деп жазады inform.kz.

10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама тек 17 қазанда түскен.

— Сол күні, сағат 15:29–да, жағадан 15 метр қашықтықта құтқарушылар дрон мен арнайы жабдықтың көмегімен жоғалған адамдардың бірі 1973 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Екінші адамды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды.