Жол жұмысшыларының күтпеген «олжасы» тергеуге жұмыстарына себеп болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Павлодар облысында жол ұмыстары кезінде адам сүйегі табылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«14 тамызда Ақтоғай ауданы Жаңауыл ауылының маңында жол бойындағы жырада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылар сүйек сынықтарын тапқаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Сүйек сынықтарын табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті іс-шаралар кешені тағайындалады, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Тергеу барысында басқа да мән-жайлар анықталады.