Павлодарда 10 жасар қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті

0
396

​Қыз баланы іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды.


Павлодарда 10 жасар қыз бала із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Павлодарда із-түзсіз жоғалып кеткен 10 жасар қыз бала іздестіріліп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қыз баланы іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

«VITA» еріктілер тобының мәліметіне жүгінсек, қыз бала 28 наурыз күні сағат 10:00 шамасында Естай көшесіндегі үйінен шығып, содан бері байланысқа шықпаған.

«Қыз баланың бойы – 150 см, көзі – сұр-жасыл, шашы – ақшыл сарғыш. Үстінде тізеден төмен түсетін қара куртка, қоңыр-сарғыш бас киім, денебітімді шалбар және қара түсті етік болған», – дейді еріктілер.

Жоғалып кеткен қыз бала туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге +7 (747) 615-55-63, +7 (777) 334-82-01 немесе 102 нөміріне хабарласу сұралады.